Текст
07.03.2026
Біздің мектебімізде Халық аралық әйелдер күні мерекесіне арналған дәстүрлі мерекелік іс-шара өтті.
Бұл күні оқушылар аналарға, әжелерге және ұстаздарға арнап мерекелік бағдарлама дайындады. Балалар тақпақ айтып, ән шырқап, әсем билер орындады. Залда жылы лебіздер мен жүрекжарды құттықтаулар айтылды.
Әсіресе оқушылардың шығармашылық өнерлері қонақтарды қуантты. Балалар көріністер қойып, қызықты ойындар мен сайыстарға қатысты. Мереке соңында оқушылар аналары мен әжелеріне өз қолдарымен жасаған ашықхаттары мен сыйлықтарын табыстады.
Мереке жылы әрі көтеріңкі көңіл-күйде өтіп, баршаға қуаныш пен жақсы әсер сыйлады.